Алматы, BAQ.KZ. Атырауда ер адам көпірден Жайық өзеніне секіріп, мерт болды. Бұл туралы «Ақ Жайық» газеті жазды.
16 шілде күні сағат 22:45-те Атырау облысы полиция департаментіне 30-35 жас шамасындағы ер адам көпірден Жайық өзеніне секіріп, өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түсті.
ТЖД сүңгуірлері денесін судан шығарып алды. Осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.