Атырауда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен он мыңдаған адам жұмыспен қамтылып жатыр

14 Шілде 2021, 20:01
2524
Бөлісу:
Атырауда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен он мыңдаған адам жұмыспен қамтылып жатыр

Атырау, BAQ.KZ тілшісі.  Атырау облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 4 миллиардқа  теңгеге жуық қаржы бөлінген. Жыл басынан бері 16 мың атыраулық қамытылып, 1млрд 900 млн теңгесі игерілген. 
 

Елімізде халықты жұмыспен қамту шараларына тарту мақсатында 2017 жылдан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Халықтың табысын арттырып, нәтижелі жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде азаматтар жұмыс табуға, тегін жаңа білім алып, мамандық алуға, өз кәсібін ашуға мүмкіндік ала алады. Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 3 млрд 927 млн теңге бөлініп, 22 695 адамды қамту жоспарланса, 6 айда 16 783 адам қамтылып, 1 902,2 млн теңге игерілді. Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шараларға тоқтала кетсек, мамандығы бойынша жұмыс таба алмай, жұмысқа орналасуға қиындық туған жағдайда, жұмыссыз азаматтар мемлекеттің қаржыландыруымен стипендия ала отырып, қысқа мерзімде тегін басқа мамандыққа оқытылады, - дейді Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мамбетов.
 

 Жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдастырумен қысқа мерзімді оқу курстарына 950  адам жолданған. Олар аспаз, шаштараз, дәнекерлеуші, газ операторы, тұрба құрастырушы, ағаш саты құрастырушы, маникюр шебері, электромонтер секілді қызмет көрсету, құрылыс, тамақтандыруды ұйымдастыру секілді мамандықтар. Басқарма басшысының айтуынша 267 адамды «Теңізшевройл» ЖШС-і қаржыландырған. Сондай-ақ, облыста 6 айда 800-ден астам адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне онлайн форматта оқытылған.  Оның 535-і оқуын аяқтаған.  

Жыл сайын қайтарымсыз гранттар, несие алған 1000-ға жуық азаматтар тігін шеберханасын, шаштараз, наубайхана, кондитерлік өнімдер, қызмет көрсету шеберханаларын, мал, құс шаруашылықтарын дамытуға қажетті инвентарьларын, технологиялық жабдықтар мен еңбек құралдарын алып, өз істерін бастады.  Жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға 275 адамға 200 АЕК, яғни 583 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік гранттар және 155 адамға несиелер берілді. Сонымен қатар бағдарлама арқылы жұмыссыздар бюджет есебінен ұйымдар мен жұмыс берушілерде ұйымдастырылған әлеуметтік жұмысқа, қоғамдық жұмысқа және жас түлектер жұмыс тәжірибесін алу мақсатында Жастар практикасына жолданылады және бос жұмыс орындарына түскен сұраныстар бойынша тұрақты жұмысқа орналастырылады, - дейді басқарма басшысы.      

Сондай-ақ, басқарманың мәліметінше  Атырау облысында  жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз, ал жастар жұмыссыздығы 2,4 пайызды құрайды екен.


 

Өзгелердің жаңалығы