Атырауда COVID-19 вакцинациясының екінші кезеңі басталды

22 Ақпан 2021, 20:33
1421
Бөлісу:
Атырауда COVID-19 вакцинациясының екінші кезеңі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вакцинаның екінші компонентінің 1000 дозасын кестеге сәйкес кезең-кезеңмен медицина қызметкерлері ала бастады, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Бүгін, 22 ақпанда Атырау облысында Covid-19 вакцинациясының екінші кезеңі басталды. 

Қауіпті инфекцияға қарсы екпе алғандардың қатарында реанимация қызметінің, инфекциялық бөлімшелердің, жедел медициналық көмектің қызметкерлері мен медициналық мекемелердің бірінші басшылары бар. 

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, бір күн бұрын өңірге арнайы мұздатқыш камерада сақталатын ресейлік "Спутник-V" өндірісінің 1000 вакцинасы жеткізілген. 

Бүгін мен дәрігерлермен қатар коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін алдым. Вакцинация аздап ауырсынумен қатар жүрді, бірақ тұтастай алғанда, бірінші кезеңнен кейін менің әріптестерім сияқты жанама әсерлер болған жоқ. Бүгінгі күні вакцинация - "Covid - 19" індетіне қарсы күрестегі басты қару, сондықтан барлық тұрғындарды екпе алуға шақырамын, - деді аймақ тұрғындарына Бақытгүл Хаменова. 
Өзгелердің жаңалығы