Атырауда бюджет қаржысын жымқырған емхана директоры 7 жылға сотталды

5 Қыркүйек 2024, 04:33
493
Бөлісу:
Атырауда бюджет қаржысын жымқырған емхана директоры 7 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөз

Атырау емханасының директоры бюджет ақшасын жымқырғаны үшін жеті жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

№ 2 Атырау сотында «адамдар тобымен алдын ала сөз байласу бойынша ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, емхананың бас дәрігері, бас бухгалтер, шаруашылық меңгерушісі және кәсіпкер 2021 жылдан 2023 жылға дейін 231,8 миллион теңге ұрлаған.

Олар кәсіпкермен заңсыз келісімшарттар жасады.

Сот үкімімен барлық сотталушылар кінәлі деп танылды. Олар бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы