Атырауда браконьерлерден екі тонна балық тәркіленді

24 Сәуір 2023, 21:11
1109
Бөлісу:
Атырауда браконьерлерден екі тонна балық тәркіленді
Фото: Хабар24

«Бекіре-2023» акциясы басталған 20 күннің ішінде «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік инспекциясының қызметкерлері браконьерлік жолмен ауланған 2 тоннадан астам балық тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның 400 келісі бағалы бекіре тұқымдас балық. Естеріңізіге сала кетсек, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары аумағында балық қорын қорғау мақсатында өңірдегі барлық құқық қорғау органдары жұмылдырылған арнайы акция басталған болатын. 

Рейдтік шара барысында браконьерлерден 368 ау-құралы мен 30 су көлігі және 9 автокөлік тәркіленді. 

Оның алғашқы үш аптасында 337 құқық бұзушылық тіркеліп, 149 тұлғаға 4,3 млн теңге айыппұл салынды. 16 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік инспекциясының бөлім басшысы Азиз Нұралиев.

Заңсыз айналымнан 2 тонна 278 келі балық, оның 484 келісі бекіре тұқымдас алынды. Сондай-ақ Атырау және Орал қаласы тұрғындарынан нан 28 келі қара уылдырық тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы