Жәрмеңке "Жұмысшы мамандықтар жылына" орай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Шараға облыстағы 50 мекеме қатысып, 600-ге жуық ваканттық жұмыс орнын ұсынды.
Ұсынылған мамандықтар: көлік жүргізуші, экономист, фельдшер, инженер, аспаз, даяршы, менеджер, бухалтер, заңгер, электрик, электромонтер, тас қалаушы, сылақшы, тазалаушы, дәнекерлеуші, сатушы-кеңесші, инженер-электрик, бақылау-өлшеу аспаптары инженері, техника қауіпсіздігі инженері, жобалау инженері, инженер-конструктор, супервайзер, құрылыс менеджері, экономист, т.б.
Тұрғындардың қатысу белсенділігі жоғары, бүгін 500-ден аса адам келді. Мақсат – халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Мекемелер жұмысқа қабылдаған жағдайда басқармаға ескертеді. Сондай-ақ бүгін алимент өтемеген борышкерлер, жазасын өтеу орындарынан босап шыққан, пробациялық есебінде тұрған азаматтар қатысып отыр, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасанов.
Айта кетейік, жәрмеңкеге қатысушыларға мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары туралы ақпараттар берілді. Олар: "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты", "Күміс жас" жобасы.