Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда бокстан Қазақстан Республикасының V жастар ойындары өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.
V жастар ойындары аясындағы бокс бәсекелері 17-23 мамыр аралығына жоспарланған. Сайыс 2003-2004 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында 11 салмақ дәрежесі бойынша ұйымастырылады. Онда еліміздің барлық өңірлерінен 370-тен астам былғары қолғап шеберлері бақ сынамақ.
Төрт жылда бір келетін ойындарға жақында ғана әлем чемпионатында қатысқан боксшылар да бақ сынамақ. Жарыс барысы Атырау бокс федерациясының ютуб желісіндегі тікелей эфирден көрсетіледі.