9 қазан күні сағат 02:40 шамасында Chevrolet Niva көлігі Құлсары - Ақкиізтоғай тасжолының 17-ші шақырымында аударылып, салдарынан 44 жастағы жүргізушісі қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сағат 06:30 шамасында Доссор - Бейнеу тасжолының 104-ші шақырымында Lada Largus автокөлігі аударылып, бір жолаушы қаза тапты. Көлікте жеті адам болған. Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.