Атырауда соңғы бір тәулікте 30 нәресте жарық дүние есігін ашты. Оның арасында бір егіз бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Атырау облыстық перинаталдық орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр 301 егіз дүниеге келген.
«Былтыр облыстық перинаталдық орталықта 7 863 бала жарық дүние есігін ашты. Оның ішінде 301 егіз бар. Егіздің бірі 2023 жылғы 31 желтоқсанда сағат 15:20-да өмірге келді. Орталықта 31 желтоқсаннан 1 қаңтар күнгі сағат 09:00-ге дейін 30 сәбидің дүниеге келгені тіркелді. Жаңа туған нәрестелердің 14-і қыз болса, ал 16-ы – ұл, - деді орталықтың баспасөз қызметі.