Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында 9 ақпан күні 6931 ПТР тест жүргізілген, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бұл – пандемия басталғалы бері бір тәулікте жүргізілген республика бойынша ең жоғары көрсеткіш.
Бұған дейін бір тәулік ішінде биылғы жылдың 6 қаңтарда ең көбі 6081 сынама тіркелген. Салыстырмалы түрде алсақ, жүргізілген тест облыс халқының санынан асып кетті. 100 мың тұрғынға шаққанда 101493 тесттен келіп тұр.
Айта кетейік, өңірде 12 ПТР зертханасы бар. Коронавирус індеті басталғалы бері облыста 666 мың ПТР-сынамасы жүргізілді.