Атырауда бес күн бұрын үйден белгісіз бағытта шығып, жоғалып кеткен 16 жастағы Әсем Қазбекованың денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2007 жылы туған жасөспірім қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама 6 сәуірде кешке полиция мен ТЖ-ға түскен. Қыздың жоғалғаны туралы хабарланған сәттен бастап полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен еріктілер оны іздеуге кіріскен. Олар қаланы, Жайық жағасына да қарап шыққан.
10 сәуірде кешке қыз көпірден секіріп, көз жұмғаны болғаны белгілі болды. Бұл туралы Facebook парақшасында ерікті Сандуғаш Көшенова жазған.
Көшедегі бейнебақылау камераларындағы соңғы жазбада Әсемайдың көпірге мініп бара жатқаны көрінген. Әрі қарай не болғанын біле алмадық. Енді жеке үйде орнатылған тағы бір камераны қарау керек, бірақ үйдің иесі бірнеше күн үйде болмады. Бүгін ол үйге келіп, камераны көру мүмкіндігі болды. Өкінішке қарай, Әсемайдың көпірден секіріп кеткені белгілі болды, - деп жазды ерікті.