Атырауда базар өртенді

16 Шілде 2020, 18:10
1765
Бөлісу:
Атырауда базар өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласындағы "Сарайшық" коммуналдық базарында өрт шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

16 шілде күні сағат 14:52-де Аырау қаласындағы Нұрсая мөлтек ауданы К. Маденова көшесі 1 “А” мекенжайындағы "Сарайшық" коммуналдық базарының ішінде 50 шаршы метр аумақта үш азық-түлік дүңгіршегінен өрт шықты. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел түрде 6 минут ішінде жетті. Атырау облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ өрт сөндірушілерінің дер кезіндегі жедел іс-әрекеттерінің арқасында өрт ауыздықталып, өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт сағат 15:15-те оқшауланып, 15:51-де толығымен жойылды, – делінген хабарламада. 
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің алдын ала себебі анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы