Атырауда ауылдық жерлерге барған дәрігерлерге 10 млн теңге төленді

Бүгiн, 01:08
255
Бөлісу:
Атырауда ауылдық жерлерге барған дәрігерлерге 10 млн теңге төленді
Фото: архив

Былтыр Атырауда ауылдық жерлерде жұмыс істеуге келіскен дәрігерлерге 10 млн теңгеге дейін, ал аудан орталықтарында жұмыс істейтін дәрігерлерге 8 млн теңге төленді, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz-ке сілтеме жасап.

«Атырау облысына медицина қызметкерлерін тарту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» аясында 2024 жылы 159 дәрігер медициналық мекемелерге жұмысқа орналасқан. Оның 43-і ауылдық медициналық мекемелерге, ал 9 дәрігер шалғайдағы елді мекендерге жіберілді, – деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

Медицина мамандарын қолдау мақсатында өңірде жеңілдетілген ипотекалық несие бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бастама аясында 46 дәрігер баспаналы болды. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті арттыру жоспарлануда.

Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселесі де назардан тыс қалмаған. 2024 жылы 700-ге жуық дәрігер кәсіби білімін жетілдірді. Олар Қазақстан мен шетелдің үздік медициналық мекемелерінде оқып, тәжірибе алмасты. Алдағы уақытта ауылдық жерлерде жұмыс істейтін дәрігерлер мен орта буындағы медицина мамандарының кәсібилігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Өзгелердің жаңалығы