Атырауда атыс: Бір адам қаза тауып, екеуі жараланды

21 Қазан 2022, 15:32
1061
Бөлісу:
Атырауда атыс: Бір адам қаза тауып, екеуі жараланды

Атырауда атыс болып, салдарынан  бір адам қаза тауып екеуі жараланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 21 қазанға қараған түні полицияға бір адам қаза тауып, екеуі жараланған оқиға туралы хабар келіп түскен.

Атырау облыстық ауруханасына 2001 жылы туған кеуде тұсынан жарақат алған ер адамның мәйіті жеткізілді, сондай-ақ 2004 және 2005 жылы туған екі адам жарақат алды. Қазіргі уақытта олар облыстық ауруханада жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, жігіттер  арасындағы жанжал Атырау-2 шағын ауданында болған. Жанжалға қатысы бар барлық адам анықталды,-деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы