Атырауда алғашқы күні 135 адамға «Спутник V» вакцинасы салынған

2 Ақпан 2021, 06:28
1204
Бөлісу:
Атырауда алғашқы күні 135 адамға «Спутник V» вакцинасы салынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда «Спутник V» вакцинасын алғашқы күні 135 адам салдырған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше Атырау қаласында «Спутник V» вакцинасын салдыру процесі үш медициналық мекемеде өткен. 

Мәселен, №3 қалалық емханада - 55 адам, Геолог кентіндегі емханада – 70, ал №2 облыстық ауруханада 10 адам екпе салдырды. Екпе алғандардың бәрі өздерін жақсы сезінді. Бәрінің денсаулығы қалыпты, вакцинаның жанама әсері байқалған жоқ, – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. 
Өңірде вакцина салдыру үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 24 мекемеде арнайы орындар ашылған.

Оның ішінде 15 мемлекеттік мекеме бар. Ал, қалғаны – жекеменшік медициналық мекемелер.




Өзгелердің жаңалығы