Атырауда алаяқтық жолмен несие рәсімдеген күдікті ұсталды

3 Тамыз 2024, 13:37
491
Бөлісу:
Атырауда алаяқтық жолмен несие рәсімдеген күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бірнеше тұрғынның атынан несие рәсімдеген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 36 жастағы күдікті банк қосымшасы арқылы 7 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы