Атырауда 800 арнайы техника Жайық жағалауын тәулік бойы нығайтуда

Атырау қаласы әкімі Шәкір Кейкин Жайық өзені бойындағы 107 секторда және оның арналарында жағалауды нығайту жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

12 Сәуір 2024 2024, 18:10
АВТОР
 Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб 12 Сәуір 2024 2024, 18:10
12 Сәуір 2024 2024, 18:10
596
Фото: Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб

Атырау қаласы әкімі Шәкір Кейкин Жайық өзені бойындағы 107 секторда және оның арналарында жағалауды нығайту жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Бүгінде Атырау мен оның маңындағы учаскелерде тартылған арнайы техниканың саны 800 бірлікке жетті. Қала басшысы барлық ауылдық округтердегі жағалауды нығайту жұмыстарын тексеріп, жауаптыларға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.

Айта кетейік, Атырау мен оның маңындағы жағалауды нығайту жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Оларға мекемелердің 2225 қызметкері және 3354 ерікті қатысуда. 
 

Наверх