Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында ақпанның 1-4 аралығында 680 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады. Ерікті түрде вакцина салу кезең-кезеңмен жүргізілуде, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Өңірде коронавирус індетіне қарсы 24 екпе егу нүктесі ашылған. Сонымен қатар вакциналарға арналған арнайы мұздатқыш камералары орнатылған.
Бүгінде вакцина алған медицина қызметкерлерінің денсаулығы жақсы.
Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеді. Вакцина ең алдымен инфекция жұқтыру қаупі бар саналатын медицина мамандарына салынуда. Яғни жұқпалы аурулар ауруханалары мен жансақтау бөлімі, қарқынды терапия бөлімшелерінің дәрігерлері, жедел жәрдем қызметкерлері мен емханалардағы мамандар. Екпе қабылдаған адамдар үш күн бойы дәрігердің бақылауында болады, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев.
Оқи отырыңыз: