Атырауда 7 жасар баланы ескерткіш басып қалды

26 Маусым 2024, 09:50
1067
Бөлісу:
Атырауда 7 жасар баланы ескерткіш басып қалды
Фото: Артём Чурсинов - архив

2017 жылы туған қызға ескерткіш құлап кетіп, ол ауруханада көз жұмған, депхабарлайды BAQ.KZ.

Атырауда 7 жасар баланы ескерткіш басып қалды. Қалалық полиция басқармасында оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Оқиға 26 маусымда сағат 00:40 шамасында Атырау қаласындағы Жеңіс саябағындағы алаңда болған.

2017 жылы туған қызға ескерткіш құлап кеткен. Дене жарақаттарының салдарынан қыз облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды, - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы