Атырауда 48 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 Желтоқсан 2022 2022, 11:02
АВТОР
 27 Желтоқсан 2022 2022, 11:02
27 Желтоқсан 2022 2022, 11:02
3154

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырауда 3142 пәтерлік 48 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Нысан көлемі 276,6 мың шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ биыл 766,3 мың шаршы метрді құрайтын  6045 пәтер пайдалануға берілді.

Сонымен қатар «NCOC» компаниясы арқылы әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар бағдарламасы шеңберінде  Исатай, Қызылқоға, Махамбет, Құрманғазы, Мақат аудандарда үш қабатты 60 пәтерлік тұрғын үй салынады. Бұған қоса, Атырау қаласының аумағында 56 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр, - деді Қ.Нұртаев.

Айта кетейік, биыл 24 адам пәтермен қамтылған. Келер жылы Жылыой, Индер, Мақат, Исатай және Қызылқоға аудандарынан жалға берілетін 800-ге жуық пәтер тұрғындарға тапсырылмақ.

Наверх