Атырауда 3 оқу орталығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

2 Сәуір 2023, 16:46
895
Бөлісу:
Атырауда 3 оқу орталығына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: gazeta-pedagogov.ru

Атырау облысында "Indigo-Kids", "Baby-Land" және "Megamozg" оқу орталықтарына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы "Indigo-Kids", "Baby-Land" және "Megamozg" оқу орталықтарына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

Осыған байланысты, жоғарыда аталған оқу орталықтары қызметкерлерінің алаяқтық әрекеттері нәтижесінде материалдық залал келтірілген барлық тұлғаларды Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, №85 (№215 кабинет) мекенжайы бойынша қылмыстық қудалау органына немесе 98-20-72, 87751977100, 87016169111 телефондары бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз, - делінген облыстық ПД баспасөз хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы