Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырауда 2 жасар бала ойнап жүріп кіржуғыш машинаға қысылып қалды

8 Тамыз 2025, 09:11
742
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Атырауда 2 жасар бала кіржуғыш машинаға қысылып қалды. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құтқарушылар сәбиді кіржуғыш машинадан алып шықты. 

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы аттас ауылда 2 жасар сәби ойнап жүріп кіржуғыш машинаға қыстырылып қалған. Баланы өздігінен шығара алмаған анаға құтқарушылар дереу көмекке барды. Сәбиді жұбатып, оны кір жуатын жабдықтан сәтті шығарып алды. Балақай зардап шеккен жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда екі бала балкон қоршауына шығып кеткені хабарланған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы