Атырауда 160 орындық “Ботақан” бөбекжай-балабақша ашылды

Жаңа білім беру нысанының бой көтеруіне демеушілік компания қаржылай қолдау көрсеткен.

 скрин 24 Қазан 2026, 02:44
24 Қазан 2026, 02:44
115
Фото: скрин
Атырауда мерейлі мереке қарсаңында “Ботақан” бөбекжай-бақшасы ашылды.
 
Қала маңындағы  Тасқала-2 халқы  бұл сыйға ерекше қуанып жатыр. 160 балаға арналған екі қабатты  зәулім ғимарат заманауи үлгіде салынған. Бөбектердің бойына білім мен тәрбиені қатар сіңіріп, дамыту  үшін барлық жағдай жасалған. 
 
Бақшаға 2 мен 5 жас арасындағы бөбектер қабылданады.  6 топ болады. 1-қарашадан бастап жұмысын бастайды. 

Бұл Тасқала-2 елдімекеніндегі алғашқы балабақша.Тасқала-1 елдімекенінде балабақша бар. Сол себепті бұл жердегі тәрбиеленушілерімізге, сәбилерге керемет жаңалық деп айтуға болады.  6 топ болады. Және балабақша толықтай материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Тәрбиеленушілерді қабылдауға дайын, – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова.

Наверх