Атырауда 15 мыңнан аса оқушыға мектеп компьютерлері берілуде

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында оқушыларға қажетті компьютер жетіспеушілігін шешу мақсатында 15 246 мектеп компьютері қайтарымды келісіммен таратылып берілуде, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.&nbsp;</h4>

11 Тамыз 2020 2020, 09:55
АВТОР
 11 Тамыз 2020 2020, 09:55
11 Тамыз 2020 2020, 09:55
1204

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында оқушыларға қажетті компьютер жетіспеушілігін шешу мақсатында 15 246 мектеп компьютері қайтарымды келісіммен таратылып берілуде, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте облыстық Білім беру басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Алмагүл Қайырлиева айтты.
Қазіргі уақытта 16 639 оқушының компьютері жоқтығы анықталып отыр.  Осы мәселені шешу үшін мектеп компьютерлері уақытша пайдалануға берілуде. Бүгінде 15 246 оқушыға қайтарымды келісіммен мектеп компьютерлері таратылып берілуде, - деді Алмагүл Қайырлиева.

Наверх