Атырауда 11 вагон рельстен шығып кетті, зардап шеккендер бар

Бүгiн, 15:00
326
Бөлісу:
Атырауда 11 вагон рельстен шығып кетті, зардап шеккендер бар
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК»

Оқиға бүгін, 1 наурыз сағат 00:20-да болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты бүгін сағат 0:20-да Тендік станциясының теміржол өткелінде болған. КамАЗ жүргізушісі теміржол өткелінде тұрып қалған. Локомотив тоқтай алмай, көлікті бірнеше метрге сүйреп әкетті.

Апат салдарынан локомотив бригадасының қызметкерлері зардап шекті. Локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кетті, - делінген ресми хабарламада.

Ресми мәліметке сәйкес, былтыр теміржол өткелдерінде автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты 28 апат болды. Осыған байланысты компания теміржол өткелдерінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

 

Өзгелердің жаңалығы