14 қараша күні Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Көктем ықшам ауданына есірткі заттарын және дәрігердің тағайындауынсыз әсері ауыр дәрілік препараттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 1979 ж.т. қала тұрғынын анықтады деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мекенжай бойынша тексеру кезінде 996 дана түрлі әсері жоғары психотропты дәрілер, сондай-ақ 29 дана бекіре тұқымдас балықтары мен ешжерде тіркелмеген атыс қаруы және полителен пакетке салынған өткір иісі бар өсімдік тәркіленді.
Сот сараптамасы бойынша алынған заттар кептірілген марихуана екені белгілі болды.
ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.