Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияның Ллорет де Мар қаласында өткен "Theatrical Talents" халықаралық фестивалінде "Атырау жастар театры" бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Оннан астам елдің өнерпаздары келген байқауда Атырау жастар театры Мұқанғали Томановтың "Затмение" антидрамасын сахналады. Театр мамандарын айтпағанда, әлемнің әр елінен келген кәсіби музыканттар мен хореографтар, продюссерлер мен суретшілер бағалаған байқау барынша әділ өтті деген сенімдемін, – дейді театр жетекшісі Әміржан Нұрланұлы.
Сонымен қатар, әділ қазылар төрағасы Марти Перафефер атыраулық жас таланттарды "FITAG-2020" фестивалінде бағын сынауға шақырса, "Фиесталония Миленио" ұйымының президенті Давид Джапаридзе Италия, Франция, Грузия елдерінде өтетін фестивальдерге қатысуға ұсыныс жасады.