Атырау және Қызылорда облыстарында көктайғақ болады

<h3>Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.</h3>

25 Қаңтар 2019 2019, 22:46
 25 Қаңтар 2019 2019, 22:46
25 Қаңтар 2019 2019, 22:46
3057

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Синоптиктердің болжауы бойынша, 26 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.

Дауылдың ықтималдығы - 90-95 %. 26-28 қаңтарда Атырау облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады.

Наверх