"Атырау - Таңдай - Хамит Ерғалиев" жолында қорғаныс бөгеттері алынып жатыр

31 Мамыр 2024, 18:55
392
Бөлісу:
"Атырау - Таңдай - Хамит Ерғалиев" жолында қорғаныс бөгеттері алынып жатыр
VIDEO

Ондағы мақсат - өр суын жолдың екінші жағындағы жайылма бөлігіне жіберу, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап. 

- "Атырау - Таңдай - Хамит Ерғалиев" жолының 13 шақырымына өр суының үлкен көлемде келуіне байланысты, жолдың қарама-қарсы жағындағы жайылмаға су жіберу үшін, қорғаныс бөгеттері алынуда. Мұндай шешім Таңдай ауылын, шаруа қожалықтарын су басудан және жолдан 4 шақырым жерде орналасқан "Коровник" қыстауын қорғау үшін қабылданды, - деп хабарлады Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

Жергілікті жерде "ҚазАвтоЖол"ҰК" АҚ қызметкерлері мен техниктер жұмыс істеуде.

Полиция департаменті жолдың екі жағында да патрульдеу жүргізуде. Қазіргі уақытта аталған жол учаскесінде жүк машиналарының қозғалысы тоқтатылды.

Өзгелердің жаңалығы