Рейд. Атыраудағы сауда орталықтары санитарлық талапқа сай

11 Маусым 2020, 19:38
1885
Бөлісу:
Рейд. Атыраудағы сауда орталықтары санитарлық талапқа сай
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында карантин режимі тоқтатылғанмен сауда нүктелері мен базарлар 1 және 3  маусым аралағында ашылды. Жергілікті бас  санитар барлық кәсіпкерлерді қатаң сақталуы тиіс  санитарлық талаптармен алдын ала таныстырды.

WhatsApp Image 2020-06-11 at 17.06.20.jpeg

Оған қоса барлық нысандар кез келген уақытта тексерілетіндігін айтты. Осыған орай Атырау қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпкерлік бөлім,  құқық қорғау органдарының өкілдері  сауда орталықтарына рейд жұмыстарын жүргізді.

WhatsApp Image 2020-06-11 at 17.06.21.jpeg

Алдымен қаладағы "Көктем" сауда үйіндегі нүктелерді аралап көрді. Санитарлық талаптар толыққанды сақталған. Кіреберісте, сауда залдарының холлында, әрбір 50-100 метр  сайын дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте санитайзерлер орнатылған.

Біздің сауда үйіне кірген әрбір адам кіреберістегі дезинфекция жасайтын арнайы тонельден өтіп кіреді. Одан соң есік алдынан дене температураларын өлшейміз. Осы уақытқа дейін қызуы көтерілген адам болмады.Сауда орталығының жұмысы алгоритмдегі санитарлық талаптарға сәйкес  ұйымдастырылған. Желдеткіштер, салқындатқыштар жасап тұр. Жұмыс режимі    сағат 10: 00-ден  17:00-ге  дейін сақталған. Сатып алушылар арасында бір метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 5 адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермейміз. Қолдарын антисептиктермен өңдеу арқылы халыққа ауысымына кемінде екі рет және бүтіндігі бұзылған жағдайда ауыстыруға жататын бір рет  қолданылатын қолғаптармен қызмет көрсетуде.Іргелес аумақты таза ұстау, қоқысты уақтылы шығаруды қамтамасыз ету, аптасына 1 рет "санитариялық" күн өткізу күні белгілен. Алайда сауда үйіне маскасыз келетіндер болады. Бірақ мұндай тұрғындарды мүлде кіргізбейміз,-дейді сауда орталығының әкімшісі Гүлназ Тілекқызы.

WhatsApp Image 2020-06-11 at 17.06.22.jpeg

Әрбір қабатта санитарлық талаптарды қадағалайтын жұмысшылар жүр.

 Сауда орталығында санитарлық талаптар сақталып, тұрғындардың қауіпсіздігі  мейлінше қамтамасыз етілген. Базар халық көп шоғырланатын орын болғандықтан, мұнда қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуы маңызды.Сондықтан да жергілікті халықтың қауіпсіздігі үшін санитарлық  талаптарды әсіресе базарларда толығымен сақталуы маңызды мәселе. Қазіргі уақытта мобильді топ жұмысын жалғастыруда. Алгоритм бойынша санитарлық талапты орындамағандарға ескертулер беріледі. Егер олар тағы қайталаса әкімшілік жаза қолданылады, - дейді Атырау қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Қаламқас Аманжулова.

WhatsApp Image 2020-06-11 at 17.06.23 (1).jpeg
Осы уақытқа дейін мобильді топ  қалада 612 мониторинг жүргізіп, 87 заңбұзушылық анықтаған. 
Өзгелердің жаңалығы