Атырау қаласы аумағындағы жағалауларда тәуліктік кезекшілік жалғасуда

29 Мамыр 2024, 11:14
369
Бөлісу:
Атырау қаласы аумағындағы жағалауларда тәуліктік кезекшілік жалғасуда
VIDEO
Фото: Скрин

Атырау қаласы аумағындағы Жайық өзенінің деңгейі 600 см жетті. Бұл бекітілген шектік деңгейден 50 см-ге жоғары. Сол себепті қала аумағындағы жағалауларда тәуліктік кезекшілік күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Тәуліктік кезекшілік он екі сағаттан екі ауысымға бөлінген. 28 мамырдан 29 мамырға қараған түні қала әкімдігінің 7 маманы Соколок арнасында кезекшілік атқарды. Олардың басты міндеті оқыс оқиға орын алған бойда, жедел штабқа жеткізу, - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

Өзгелердің жаңалығы