Атырау облысының бас санитарлық дәрігері тағайындалды

<h4>Нұр-Сұлтан,&nbsp;BAQ.KZ. Атырау облысында жаңа бас санитар дәрігер - санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы тағайындалды. Ол Батыс Қазақстан облысының тумасы Мәдениет Танауов.</h4>

 6 Қаңтар 2021 2021, 18:53
6 Қаңтар 2021 2021, 18:53
2813

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында жаңа бас санитар дәрігер - санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы тағайындалды. Ол Батыс Қазақстан облысының тумасы Мәдениет Танауов. Бұл туралы azh.kz сайты хабарлады. 

М.Танауов 1971 жылы туған, 1997 жылы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ді (санитариялық-гигиеналық факультет) бітірген. Осы тағайындауға дейін ол Орал қаласының бас санитар дәрігері болып жұмыс істеді.

Одан бұрынғы санитар дәрігер Амантай Жұмағалиев өзінің бұрынғы қызметіне Атырау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары лауазымына оралды.

Естеріңізге салсақ, бұл өңірімізде COVID-19 пандемиясы басталғалы тағайындалған сегізінші бас санитар дәрігер.
Наверх