Атырау облысының әкімі тағайындалды

1 Желтоқсан 2022, 10:32
839
Бөлісу:
Атырау облысының әкімі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, - делінген Жарлықта. 

С. Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді. 

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2015-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 

2016-2018 жылдары — Атырау қаласының әкімі.  

2018 жылы Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2020 жылы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды

2021-2022 жылы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

 

Өзгелердің жаңалығы