Атырау облысының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады

16 Қыркүйек 2022, 18:40
749
Бөлісу:
Атырау облысының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады
PHOTO
Фото: автордан

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мажарстандық «Globalia» компаниясының директоры Габор Шагиды қабылдады, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Кездесу барысында өңір басшысы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы алыс-беріс жыл санап артып, ынтамақтастық арта түскенін тілге тиек еті. Бұл ретте осы жылдың қаңтар-шілде айларында Атырау облысының Мажарстанмен ішкі сауда айналымы 894 мың АҚШ долларына жеткен. Оның ішінде экспорт көлемі 440 мың АҚШ доллары, импорт 454 мың АҚШ долларын құрайды.

 Атырау облысының экологиясы көңіл бөлуді қажет етеді. Осы орайда сіз ұсынған жоба көңілге қонымды. Десе де оған қажетті су көзін «Сасықсай» булану алаңынан алуды ұсынғым келеді. Қазір облысқа қарасты кей аудандар электр желісін көршілес Ресейден тұтынып отыр. Оны өз балансымызға алу үшін бірнеше шақырым желі тартып, бекет орнатқанша, сіз ұсынған жобаға сәйкес 20 мВаттық индустриялық саябақ салған әлдеқайда тиімді. Мен бұл жобаны қолдаймын. Біздің тараптан қажетті көмек көрсетіледі,-деді С.Шәпкенов.

Шетелдік инвестор экологиялық таза энергиямен қамтамасыз ететін «күн сәулесінің көмегімен сутегі генераторы арқылы жасыл энергия алу» жобасының тиімділігіне де тоқталды.

Атырау облысының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады

Қаланы үздіксіз электр энергиямен жабдықтаудың бір нұсқасы – сутегі генераторы. Оны өндіруге қажетті энергияны күн саябақтары немесе жел электр станциялары арқылы алады. Электролиз кезінде алынған сутегі газын шағын электр құрылғыларына, автобустарға, автомобильдерге және тіпті үлкен электр қондырғыларына қуат беру үшін пайдалануға болады. Сонымен қатар сутегі генераторы жанар-жағармай генераторларымен бірдей отын мөлшері болса да, оған қарағанда ұзақ жұмыс істейді,-деді Габор Шаги.

Атырау облысының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады

Қос тарап алдағы уақытта экономикалық байланысты бекемдей түсуге мүдделі екендерін жеткізді. Шетелдік кәсіпкерлер Атырауда қуаттылығы 100 МВт болатын күн паркін салуды ұсынды. Серік Шәпкенов бұл жобаның өңір үшін тиімді екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы