Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласының 380 жылдығына орай облыстық медициналық жедел-жәрдем станциясы 22 жедел жәрдем көлігімен толықты. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда, келесі жылы облысқа республикалық бюджет қаражаты есебінен 60 санитарлық автокөлік келеді.Қаламыздың 380 жылдық мерейтойы қарсаңында облысымыздың медициналық жедел-жәрдем станциясы «Хюндай» маркалы су жаңа 22 жедел жәрдем көлігімен толықты. Дәрігерлеріміздің короновируспен күрес кезінде көрсеткен қажыр-қайраты мен еселі еңбегін өте жоғары бағалаймыз. Үкіметтің қолдауымен денсаулық сақтау саласына көмек көрсету жалғасады. Ағымдағы жылдың қараша айында тағы 18 тағы да медициналық жедел-жәрдем көлігі жеткізіледі - деді өңір басшысы.
Әлемдік COVID-19 пандемиясы ұлттың саулығын сақтаудың маңызын арттыра түсті. Сондықтан, біздің басты - мақсатымыз денсаулық саласын дамыту - деді Махамбет Досмұхамбетов.