Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырау облысында жолаушылар автобусы тұрғын үйдің қоршауына соғысты

19 Тамыз 2025, 22:26
447
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Атырау облысының Талғайран ауылында жолаушылары бар автобус жол апатына ұшырады. Бұл туралы Ақ Жайық басылымы Атырау қаласы полиция басқармасына сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция дерегінше, оқиға 19 тамыз күні шамамен сағат 12:00-де Қ. Есмұханов көшесінде болған. Yutong маркалы автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, алдымен жарық тірегіне, кейін тұрғын үйдің металл қоршауына соғылған.

Апат салдарынан автобус жолаушыларының бірі медициналық көмекке жүгінді. Жедел жәрдем бригадасы оны тексеріп шыққан.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қажетті құжаттар жиналып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы