Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан екі бала көз жұмды

Қазіргі уақытта балалардың анасы ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

 Бүгiн 2026, 15:15
Бүгiн 2026, 15:15
88

Атырау облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі бала қаза тапты. Қазіргі таңда оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

26 наурыз күні Атырау облысы Доссор кентінде Toyota Estima және Opel маркалы автокөліктер соқтығысқан.

Салдарынан үш жастағы қыз бала оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Ал бес жастағы ұл бала ауыр халде Атырау қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің барлық реанимациялық шараларына қарамастан, бүгін таңертең қайтыс болды.

Қазіргі уақытта балалардың анасы ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Алдын ала бейресми мәліметтерге сәйкес, қарсы бағыттағы көлікті кәмелетке толмаған жасөспірім басқарған болуы мүмкін.

Аталған дерекке қатысты облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді.

26 наурыз күні Доссор кентінде Toyota Estima және Opel көліктерінің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға арналған кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды, – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі таңда жол апатының нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталуда.

Наверх