Атырау облысында үш көлік соқтығысып, бір адам мерт болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ATYRAUOIL Telegram-арнасына сілтеме жасап.
24 желтоқсан күні сағат 19:00 шамасында Ақтөбе – Атырау – Астрахань бағытындағы тас жолда жол-көлік оқиғасы орын алды. Жүк көлігі, Toyota Hilux және Toyota Alphard қатысқан апат салдарынан Toyota Hilux жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полиция жол қозғалысына қатысушыларға сақтық танытып, жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.