Атырау облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

23 Наурыз 2025, 22:50
790
Бөлісу:
Атырау облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр
Фото: архив

ТЖМ және жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері Атырау облысы Жылыой ауданының 6 бекетте ықтимал қауіпті учаскелерінде бөгеттерді нығайту бойынша жұмыстарды жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ құтқарушылары мен 20982, 28237 әскери бөлімдерінің жауынгерлерін қоса алғанда, ТЖМ-нің 100-ге жуық қызметкері Баклаши, Шоқпартоғай, Қорғаба ауылдарында инертті материалдары бар 12 445 қапты төседі.

Жағалауды нығайту жұмыстары ТЖМ командалық-штабтық машиналарының жарықтандыру аспаптарын орната отырып, тәуліктің қараңғы уақытында да жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы