ТЖМ құтқарушылар тобы Құлсары қаласында, Махамбет ауданының Жалғансай ауылында және Индер ауданында су айдау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінгі таңда шамамен 7 мил текше метр су айдалды. Соңғы тәулікте шамамен 205 мың текше метр тасқын сулары айдалды.
Атырау қаласында үйінді бөгеттердің осал учаскелерін қосымша нығайту жұмыстары жүргізілуде. Облыста тасқын суларды қауіпсіз өткізу бойынша мониторинг жүргізілуде.
Құтқарушылар ауысыммен кезекшілік жүргізіледі. Жағдай бақылауда.