Атырау облысында «Сарайшық» визит-орталығы ашылды

6 Мамыр 2023, 16:33
1226
Бөлісу:
Атырау облысында «Сарайшық» визит-орталығы ашылды
Фото: gov.kz

Ашылу салтанатына жергілікті тұрғындар, Ардагерлер кеңесі, зиялы қауым өкілдері мен көрнекті қайраткерлер қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Визит-орталығының жұмысымен танысу барысында қонақтардың тамақтануына және түнеп шығуына, жайлы жағдай жасалған орындарды, келушілер қазақ хандығы, Алтын Орда және одан бұрынғы дәуірлердегі қалашықтың тарихымен таныса алатын экспозициялық залды араладым, - дейді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Ақпарат үш тілде беріледі. Зал экрандармен және ақпараттық терминалдармен жабдықталған, мультимедиялық технологиялар қолданылады.

Археология залында қалашықтан табылған жәдігерлер мен ұлы ғалым Әлкей Марғұланға арналған шағын экспозиция ұсынылды. Визит-орталықта балаларға арналған шығармашылық секциялар да бар.

«Сарайшық» визит-орталығын іске қосу - бұл үлкен істің бастамасы ғана. Біз нысанды дамытудың 5 жылдық жоспарын әзірледік, соның арқасында бұл киелі орынды шетелдік және ішкі туристер үшін тартымды етеміз деп күтеміз, - деді министр.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда тағы 3 визит-орталық жұмыс істейді: Алматы облысында «Таңбалы», Ұлытау облысында «Ұлытау» және Түркістан облысында «Отырар». Биыл тағы үш визит-орталықтың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл еліміздің оңтүстігіндегі «Сауран», «Гауһар-ана» және «Ордабасы» орталықтары.

Өзгелердің жаңалығы