Атырау облысында қыркүйекке дейін 100 тұрғын үй салынады

5 Шілде 2024, 23:18
402
Бөлісу:
Атырау облысында қыркүйекке дейін 100 тұрғын үй салынады
Фото: gov.kz

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үйлер салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлім етті.

Қазіргі дерекке сүйенсек, барлық 80 үйлердің іргетасы құйылған. 29-ында қабырғалар тұрғызылуда. Құрылыс жұмыстарына жергілікті 7 мердігер тартылып, 100-ден астам жұмысшы еңбек етуде.

Құрылысты ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарлануда.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметі бойынша, Атырау облысында 2 674 нысанға техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:

  • 100 үй салу;
  • 1 376 үй сатып алу – 1 341 сатып алынды;
  • 1 198 үйді жөндеу – 1 174-інде жұмыстар аяқталды.
Өзгелердің жаңалығы