ТЖМ құтқарушылары Атырау облысында қамыстың тұтануын оқшаулады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Исатай ауданының Жанбай ауылынан 20 км қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында жетуі қиын батпақты жерлерде, алдын ала 7 га алаңда қамыс тұтанды.
Өртті сөндіру үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 18 рет су төгілді. Сондай-ақ ТЖМ күштері жаяу жүріп өртті сөндіруде. Елді мекендерге қауіп жоқ, - делінген хабарламада.