Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығының барлық емдеу мекемелерінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шаралары қолға алынуда. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Осындай шаралардың бірі - облыстық онкологиялық диспансерге кіре берісте дезинфекциялық туннель орнату. Туннель арқылы жоспарлы ауруханаға келген адамдар, сондай-ақ, аурухананың медициналық қызметкерлері өтеді. Бүгінгі таңда Атырау облысының 117 тұрғыны онкологиялық диспансерде ем алуда. Оларға 108 дәрігер, орта және кіші медициналық қызметкерлері күтім жасайды. Келушілерге кіру тыйым салынған - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Атырауда дезинфекциялық туннельдер қаланың ірі сауда орталықтарында орнатылған.