Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырау облысында бір отбасы із-түзсіз кеткен: ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды

6 Қаңтар 2026, 19:07
798
Бөлісу:
 Атырау облыстық Полиция департаменті
VIDEO
Фото: Атырау облыстық Полиция департаменті

Атырау облысы Қызылқоға ауданы аумағында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды. Қазіргі уақытта тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атырау облысы полициясының мәліметінше, аталған факті бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. 

Күдіктілердің жеке басы анықталды. Қазіргі таңда оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары тиісті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде, - деп хабарлады облыстық ПД өкілдері.

Полиция өкілдері әлеуметтік желі қолданушыларын ақпараттың тек ресми дереккөздеріне сүйенуге және расталмаған әрі жалған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырды.

Тергеу мүддесіне байланысты қазіргі таңда өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске салсақ, Атырау облысында бір отбасының төрт тұрғыны, яғни ерлі-зайыптылар және олардың ұлы мен қызы іздестіріліп жатқан еді. 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына Атырау қаласының тұрғыны ағасы мен оның отбасының бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арызбен жүгінген.

Өзгелердің жаңалығы