ОКҚ алаңында өткен брифингте Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов білім саласындағы мәселелер қалай шешілетінін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Облыста 200-ден астам мектеп бар. Оның 4 апатты, 11 үшауысымды. Биыл апатты мектептер мәселесін толығымен шешеміз. 2025 жылға қарай үшауысымды мектептер толығымен жойылады деген жоспар бар, - деп айтты өңір басшысы.
Шәпкеновтің айтуынша, 2025 жылға дейін 34 мектеп салынады. Осылайша 53 мыңнан астам орын құрылады. 12 мектеп «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында салынады.
Биыл «Жайлы мектеп» бойынша 9 мектептің құрылысын басталады.
Білім саласында тек білім инфрақұрылымымен ғана емес, сонымен қатар білім сапасын көтеруіміз керек. Қазір бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді әкім.
Сөзінше, мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша бағдарламалар қабылданады.