Атырау облысында ауланған балықтың 80 пайызы экспортталды

18 Маусым 2021, 11:21
2010
Бөлісу:
Атырау облысында ауланған балықтың 80 пайызы экспортталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру кездесуі кезінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.

Аймақ басшысының айтуынша, балық шаруашылығында өсім бар.

Былтыр осы кезең аралығында 6,5 мың тоннаға жуық балық ауланса, биыл 10 150 тонна балық ауланды. Балықтың 90 пайызы өңделіп, 80 пайызы экспортталды. Балық өнімдері негзінен Ресей Федерациясы, Украина, Әзербайжан және Израиль елдеріне экспортталды, - деді облыс әкімі.

Оның сөзіне сүйенсек, аймақта тұщы судың тапшылығына қарамастан, мал шаруашылығы да дамып келеді.

Өткен жылы ірі қара мал басы 4%-ға, жылқы 9,5%-ға, түйе 3%-ға, қой мен ешкі 2%-ға артты. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді де қаржылай қолдау үшін жыл сайын қаражат бөлінуде. Биыл осы мақсатқа 3,1 млрд теңге қарастырылды. Өңірдің күрделі климаттық жағдайына қарамастан, ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеміз. Бұл салада 26 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді, - деді ол.

Оның айтуынша, облыстың 9 523 гектар жері егіс алқабына арналған. Қазіргі күні мұнда 33 пайызында тамшылатып суару әдісі пайдаланылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін облыс әкімі Атырау қаласындағы жағымсыз иістің себептерін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы