Антикор Атырау облысының Индер ауданында әлеуметтік нысандар құрылысының барысын бақылауға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Индер ауданына сапар барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерлан Досанов мәлімдеді. Ол аудан әкімімен және қоғамдық кеңес мүшелерімен, БАҚ-пен бірге проблемалық нысандарды аралап, Аққала ауылындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (сумен жабдықтау) құрылысының
барысымен және Көктем ы/а 4 қабатты 48 және 80 пәтерлі тұрғын үйдің, сондай-ақ Индер ауданының Көктоғай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын тоқтата тұру себептерімен танысты.
Кездесулер барысында Ерлан Досанов Атырау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы облысты дамытудың басым бағыттарын белгілегенін ерекше атап өтті. Олар: жолдардың сапасы, тұщы судың тапшылығы, электр желілерінің тозуы, қолайсыз экологиялық жағдай, медицинада кадрлардың жетіспеушілігі.
Департамент қызметінде осындай проблемалық мәселелерді шешуге баса назар аударады, ол үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы бекітілді, онда біздің облыстың проблемалық мәселелері: экология, медицина, жолдар мен инфрақұрылым, сондай-ақ олигополия көрсетілген. Сондықтан бюджет қаражатын ұрлаудың және тиімді пайдаланудың алдын алу мақсатында әрбір объект бақылауда болады, - деді ол.
Осы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында аудан әкімі Дарын Шамуратовтың басшылығымен аудан активі жиналды. Ауданның қоғамдық кеңесі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия мүшелерімен жеке кеңес өткізілді. Атырау облысының Антикор басшысы өңірдің халқын алаңдатып отырған проблемалық мәселелерге жедел ден қоюдың маңыздылығын атап өтті.
Жедел шешім таппайтын шексіз проблемалық мәселелер халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін төмендетеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады. Қазіргі уақытта елде демократияландырудың ауқымды процестері жүріп жатыр, заңнамаға өзгерістер енгізілді. Егер біз халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін адал жұмыс жасасақ, біз үлкен жетістіктерге жетеміз. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықты азайтуға көмектеседі, - деді облыстық Антикор
басшысы мемлекеттік қызметшілер мен қоғам қайраткерлеріне.
Сондай-ақ, жиналғандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тұжырымдаманың басымдықтары, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі новеллалар туралы ақпарат берілді. Өз кезегінде аудан әкімі Дарын Шамуратов проблемалық нысандар бойынша аталған кемшіліктер мен ескертулер жойылатынын айтты.
Кездесу соңында Ерлан Досанов апатты үйлерді бұзу, техникалық қадағалау жұмысының сапасыздығы, жаңа шағын
аудандарда интернет пен жолдардың болмауы мәселелері бойынша азаматтар мен кәсіпкерлерді жеке қабылдауды өткізді және шешуді талап ететін ескертулер аудан әкімдігімен бірлесіп пысықталатынын айтты.