Алданғандар қатарында он зейнеткер бар. Бүгінде 37 қылмысқа қатысты үш күдіктіге қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облыстық Өңірлік коммуникацялар қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлер «Казпоштаның» қаладағы 20 шақты бөлімшесінің қызметін пайдаланушыларға жаднамалар таратып, шынайы пошталық хабарламалар мен жалған SMS-терді ажырату жолдарын түсіндіріп, күмәнді жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына хабарласу қажеттігін ескертті.
Зейнеткерлер пошта қызметін жиі пайдаланатындықтан бұл профилактикалық іс-шараны осында өткізудеміз. Соңғы уақытта пошта қызметкерінің атын жамылып, арам ойын іске асыратындар көбейді. Алаяқтық жолдары әдетте келесідей әдіспен жүзеге асады: жәбірленушіге оның атына сәлемдеме келгені туралы қоңырау шалып, «сізге сәлемдеме келіп тұр» деген жалған ақпарат жібереді. Жәбірленушіден төрт санды SMS кодын сұрап, оның атына ірі көлемде онлайн несие рәсімдейді, - дейді Атырау облысы ПД Кибер қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Садуақас Жанғалиев.
Айта кетейік, былтыр аймақта интернеттегі алаяқтыққа байланысты мың шақты дерек тіркелген.