Атырау облысындағы Бақсай су арнасында шабақтарды құтқару шаралары жалғасуда. 21 қаңтар таңына дейін 2 млн-нан астам шабақ құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, жалпы, бірнеше күн ішінде 8,5 млн шабақ құтқарылды.
Жұмысқа 45 қызметкер мен 8 техника бірлігі жұмылдырылған. Құтқарылған, салмағы 5-6 грамм болатын балықтар тірі күйінде Жайық өзеніне жеткізілуде.
Шаралар жалғасып жатыр. Жағдай Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бақылауында.